Выбор SMM-агентства | Sinooil.kz
Выбор SMM-агентства
Срок подачи: 30 сентября 2026
Головной офис

«Sinooil» ЖШС әлеуметтік желілердегі корпоративтік аккаунттарды (Facebook, Instagram, TikTok, Threads) жүргізу және ілгерілету үшін SMM-агенттікті таңдау бойынша тендер жариялайды.

Сіздерді тендерге қатысуға және коммерциялық ұсыныстарыңызды 2026 жылғы 30 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін ұсынуға шақырамыз.

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі (тендерлік құжаттама)

1) Коммерциялық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс:

  • Потенциалды өнім беруші ұсынатын баға, оған ұсынылатын қызметтердің, оның ішінде ілеспе қызметтердің түпкілікті құнын құрайтын барлық нақты шығындар кіреді.
  • Ұсынылатын қызметтердің толық атауы және олардың құны (ҚҚС ескерілгенде).
  • Ұйым басшысының қолы, күні және заңды тұлғаның мөрінің таңбасы.
  • «Sinooil» ЖШС Бас директоры Ли Бин мырзаның атына жолдануы.

2) Тендерге қатысуға өтінім:

  • Қатысушының ақпараттық парағы (коммерциялық ұсыныспен және қалған құжаттармен бірге ұсынылады).

3) Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары:

  • Тендерге қатысу үшін құжаттарды ұсыну күніне сәйкес eGov порталынан берілген тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама.
  • ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік (бар болса) — заңды тұлғаның мөрінің таңбасы бар көшірмесі.
  • Жарғы — заңды тұлғаның мөрінің таңбасы бар көшірмесі, коммерциялық құпия болып табылмайды.
  • Шартқа/келісімшартқа контрагент атынан қол қоятын тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар:
    • қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы немесе жалғыз қатысушының атқарушы органды тағайындау туралы шешімі — заңды тұлғаның мөрінің таңбасы бар көшірмесі;
    • контрагенттің уәкілетті тұлғасының қызметке кірісуі туралы бұйрық — заңды тұлғаның мөрінің таңбасы бар көшірмесі;
    • сенімхат — егер қол қоюшы контрагенттің сенімді өкілі болса, заңды тұлғаның мөрінің таңбасы бар көшірмесі.
  • Соңғы толық екі жылдағы қаржылық есептілік:
    • 1-нысан — бухгалтерлік баланс;
    • 2-нысан — табыстар мен шығыстар туралы есеп;
    • 3-нысан — ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп.

Қаржылық есептілік заңды тұлғаның мөрімен расталуы тиіс.

Құжаттарды тапсыру тәртібі

Көрсетілген барлық құжаттар 2026 жыл 30 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін ұсынылуы тиіс.

Тапсыру тәсілдері:

  • курьерлік қызмет арқылы;
  • жеке өзі.

Құжаттар жабық және мөрленген конвертте (түпнұсқада) ұсынылады.

  • Конверттің желімделген жеріне ұйымның мөрін қою қажет.
  • Конверт жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық жиынтығын қамтуы тиіс.

Тапсыру мекенжайы:
Алматы қаласы, индекс 050012, Мұратбаев көшесі 147, Төле би көшесінің қиылысы.

Байланыс тұлғасы:
Иманжан Ерназар
Тел.: +7 707 262 6029

Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін алынған жағдайда, ашылмайды және қараусыз үміткерлерге қайтарылады.

 

ТОО «Sinooil» объявляет тендер по выбору SMM-агентства для ведения и продвижения корпоративных аккаунтов в социальных сетях (Facebook, Instagram, TikTok, Threads).

Предлагаем Вам принять участие в тендере и предоставить Ваше коммерческое предложение в срок до 14:00 30 сентября 2026 года.

Перечень документов, необходимых для участия в тендере (тендерная документация)

1) Коммерческое предложение должно содержать:

  • Предлагаемую потенциальным поставщиком цену, включающую все фактические затраты, составляющие конечную стоимость предоставляемых услуг, включая стоимость сопутствующих услуг.
  • Полное наименование предоставляемых услуг и их стоимость (с учётом НДС).
  • Дату, подпись руководителя организации и оттиск печати юридического лица.
  • Адресацию на имя Генерального директора ТОО «Sinooil» господина Ли Бин.

2) Заявка на участие в тендере:

  • Информационный лист участника (в приложении, предоставляется вместе с коммерческим предложением и остальными документами).

3) Учредительные документы юридического лица:

  • Справка о зарегистрированном юридическом лице, филиале или представительстве с портала eGov, выданная на дату предоставления документов для участия в тендере.
  • Свидетельство о постановке на учёт по НДС (при наличии) — копия с оттиском печати юридического лица.
  • Устав — копия с оттиском печати юридического лица, не является коммерческой тайной.
  • Документы, подтверждающие полномочия лица, подписывающего договор/контракт от имени контрагента:
    • протокол общего собрания участников или решение единственного участника о назначении исполнительного органа — копия с оттиском печати юридического лица;
    • приказ о вступлении в должность уполномоченного лица контрагента — копия с оттиском печати юридического лица;
    • доверенность — если подписантом выступает поверенный контрагента, копия с оттиском печати юридического лица.
  • Финансовая отчётность за последние два полных года:
    • форма 1 — бухгалтерский баланс;
    • форма 2 — отчёт о прибылях и убытках;
    • форма 3 — отчёт о движении денежных средств.

Финансовая отчётность должна быть заверена печатью юридического лица.

Порядок подачи документов

Все указанные документы должны быть предоставлены до 14:00 30 сентября 2026 года.

Способы подачи:

  • курьерской службой;
  • лично.

Документы предоставляются в закрытом и запечатанном конверте (в оригинале).

  • На конверте необходимо поставить печать организации в месте склейки.
  • Конверт должен содержать полный комплект документов, указанных выше.

Адрес подачи:
г. Алматы, индекс 050012, ул. Муратбаева 147, угол ул. Толе би.

Контактное лицо:
Иманжан Ерназар
Тел.: +7 707 262 6029

Конверты с заявками на участие в конкурсе, полученные после окончания приёма заявок, вскрываются и возвращаются претендентам без рассмотрения.