Разработка обучающих видеоматериалов | Sinooil.kz
Разработка обучающих видеоматериалов
Срок подачи: 13 ноября 2026
Головной офис

Еңбекті қорғау, техника және өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту бейнематериалдарын әзірлеу

Тапсырыс беруші: «Sinooil» ЖШС.

Жұмыстарды орындау орны: Алматы қ.

Жұмыстарды орындау мерзімі: 01 шілденің 2027 жылына дейін.

Тендерлік құжаттаманы қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 28 қазаннан 2026 жылдың 13 қарашасына дейін.

Қызмет көрсетудің мақсаты

«Sinooil» ЖШС қызметкерлеріне нұсқама жүргізу және оқыту барысында пайдалану үшін еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту бейнематериалдарын әзірлеу.

Қазіргі уақытта Компанияда жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша арнайы оқыту бейнематериалдары бұрын әзірленбеген. Бейнематериалдарды пайдалану қызметкерлерге қауіпсіздік талаптарын, ықтимал қауіпті жағдайларды және дұрыс әрекет ету тәртібін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді, бұл білім деңгейін арттыруға және қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Бейнематериалдардың негізгі тізбесі

Орындаушы келесі бағыттар бойынша оқыту бейнематериалдарын әзірлеуі тиіс:

  1. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқама.
  2. Жұмыс орнындағы бастапқы нұсқама.
  3. Кеңсе қызметкерлеріне арналған еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптары.
  4. Жанармай құю станцияларының қызметкерлеріне арналған қауіпсіздік талаптары.
  5. Мұнай базасының қызметкерлеріне арналған қауіпсіздік талаптары.
  6. Жер сілкінісі кезіндегі қызметкерлердің іс-қимылдары.

Орындаушыға қойылатын талаптар

Орындаушы:

  • оқыту, ақпараттық және/немесе корпоративтік бейнематериалдарды әзірлеу тәжірибесіне ие болуы;
  • жұмыстарды орындау үшін қажетті білікті мамандары болуы;
  • бейнематериалдарды «Sinooil» ЖШС қызметінің және объектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеуді қамтамасыз етуі;
  • түсірілім басталғанға дейін сценарийлер мен бейнематериалдардың мазмұнын әзірлеуі;
  • сценарийлер мен бейнематериалдардың мазмұнын Тапсырыс берушімен келісуі;
  • Тапсырыс берушінің объектілерінде бейнетүсірілім жүргізуді қамтамасыз етуі;
  • кәсіби бейнетүсірілім, монтаж, дыбыстау және графикалық безендіру жұмыстарын орындауы;
  • ақпаратты қызметкерлерге түсінікті және қолжетімді түрде ұсынуы;
  • қажет болған жағдайда Тапсырыс берушінің ескертулері бойынша түзетулер енгізуі;
  • дайын бейнематериалдарды нұсқама және қызметкерлерді оқыту барысында әрі қарай пайдалануға жарамды форматта ұсынуы тиіс.

Орындаушының негізгі жұмыстарының тізбесі

Орындаушы келесі жұмыстарды орындауы тиіс:

  • бейнематериалдардың тұжырымдамасы мен сценарийлерін әзірлеу;
  • сценарийлерді Тапсырыс берушімен келісу;
  • қажетті түсірілім орындарын және көрсетілетін жағдайлардың тізбесін анықтау;
  • «Sinooil» ЖШС объектілерінде бейнетүсірілім жүргізу;
  • қауіпсіздік талаптарын көрсету үшін қажетті қойылымдық және демонстрациялық көріністерді дайындау және түсіру;
  • бейнематериалдарды монтаждау;
  • дыбыстауды қамтамасыз ету және қажет болған жағдайда мәтіндік түсіндірмелерді, графиканы, схемаларды, белгілерді және ескерту жазбаларын қосу;
  • бейнематериалдардың мазмұнының Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • дайын бейнематериалдарды Тапсырыс берушіге келісуге ұсыну;
  • Тапсырыс берушінің қарау нәтижелері бойынша қажетті түзетулерді енгізу;
  • бейнематериалдардың соңғы нұсқаларын Тапсырыс берушіге тапсыру.

Жұмыстарды орындау нәтижесі

Жұмыстарды орындау нәтижесінде Орындаушы Тапсырыс берушіге:

  • осы техникалық тапсырмада көрсетілген барлық бағыттар бойынша дайын оқыту бейнематериалдарын;
  • көруге және көрсетуге жарамды электрондық форматтағы бейнематериалдарды;
  • әзірленген бейнематериалдардың сценарийлерін;
  • Тапсырыс берушімен келісілгеннен кейін бейнематериалдардың соңғы нұсқаларын ұсынуы тиіс.

Есептілікке қойылатын талаптар

Жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша Орындаушы Тапсырыс берушіге:

  • орындалған жұмыстардың актісін;
  • дайын бейнематериалдарды;
  • бейнематериалдардың сценарийлерін;
  • орындалған жұмыстар туралы есепті;
  • шартта көзделген өзге де материалдарды ұсынады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру орны, тәртібі және бағалау критерийлері

Коммерциялық ұсыныс мөрленген конвертте ұсынылады, конверттің ашылатын жеріне компанияның мөрі қойылуы тиіс.

Конверт келесі мекенжайға жіберіледі: Алматы қ., Мұратбаев көшесі, 147, HSE департаменті директорының орынбасары Бакытбек Р.Б. атына, 2026 жылғы 13 қарашаға дейін.

Коммерциялық ұсыныста келесі мәліметтер қамтылуы тиіс:

  • оқыту бейнематериалдарының толық кешенін әзірлеу құны;
  • әрбір бейнематериалдың жеке құны;
  • жеңілдік беру мүмкіндігі;
  • жұмыстарды орындау мерзімі;
  • төлем шарттары;
  • ұқсас жұмыстарды орындау тәжірибесі туралы мәліметтер;
  • Орындаушы мамандарының біліктілігі;
  • түсірілім барысында пайдаланылатын жабдықтардың тізбесі;
  • коммерциялық ұсыныстың құнына енгізілген қызметтердің тізбесі;
  • түсірілім күндерінің саны;
  • түзетулер енгізу тәртібі;
  • Орындаушының рұқсат беру және тіркеу құжаттары.

Сонымен қатар әлеуетті өнім беруші келесі құжаттарды ұсынады:

  • заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін, тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (жеке кәсіпкерлер үшін);
  • тендерлік тапсырманы орындау үшін қажетті лицензиялардың, аттестаттардың, рұқсаттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
  • егер сатып алынатын жұмыстар немесе қызметтер лицензиялануға жатпайтын болса, әлеуетті өнім беруші жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі көрсетілген заңды тұлға жарғысынан үзіндінің көшірмесі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғалар үшін сауда тізілімінен мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аударылған, нотариат куәландырған заңдастырылған үзінді;
  • https://egov.kz порталынан тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама (сайттан жүктелген күні – ұсынылған сәттегі күн);
  • ҚҚС бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік (болған жағдайда);
  • жарғы;
  • контрагент тарапынан шартқа/келісімшартқа қол қоятын тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;
  • ұқсас жұмыстарды орындау тәжірибесін растайтын құжаттар.

Қосымша шарттар

Бейнематериалдардың мазмұны, сценарийлері, түсірілім орындары және көрсетілетін жағдайлар Тапсырыс берушімен міндетті түрде келісілуі тиіс.

Әзірлеуге, түсірілім жүргізуге, монтаждауға, дыбыстауға және дайын бейнематериалдарды дайындауға байланысты барлық шығындар коммерциялық ұсыныстың құнына енгізілуі тиіс.

Әзірленген бейнематериалдар түсінікті, көрнекі және Компания қызметкерлеріне нұсқама жүргізу және оқыту барысында пайдалануға бейімделген болуы тиіс.

Қосымша ақпарат алу үшін:

8 777 719 08 49 – Бақытбек Руслан.

 

Разработка обучающих видеоматериалов по охране труда, технике безопасности и пожарной безопасности

Заказчик: ТОО «Sinooil».

Место выполнения работ: г. Алматы.

Срок выполнения работ: до 01 июля 2027 года.

Срок приема тендерной документации: с 28 октября 2026 года по 13 ноября 2026 года.

Цель оказания услуг

Разработка обучающих видеоматериалов по охране труда, технике безопасности и пожарной безопасности для использования при проведении инструктажей и обучения работников ТОО «Sinooil».

Перечень основных видеоматериалов

Исполнитель должен разработать обучающие видеоматериалы по следующим направлениям:

  1. Вводный инструктаж по охране труда, технике безопасности и пожарной безопасности.
  2. Первичный инструктаж на рабочем месте.
  3. Охрана труда и пожарная безопасность для офисных работников.
  4. Требования безопасности для работников АЗС.
  5. Требования безопасности для работников нефтебазы.
  6. Действия работников при землетрясении.

Требования к Исполнителю

Исполнитель должен:

  • иметь опыт разработки обучающих, информационных и/или корпоративных видеоматериалов;
  • иметь квалифицированных специалистов, необходимых для выполнения работ;
  • обеспечить разработку видеоматериалов с учетом специфики деятельности и объектов ТОО «Sinooil»;
  • обеспечить подготовку сценария и содержания видеоматериалов до начала съемки;
  • согласовать сценарии и содержание видеоматериалов с Заказчиком;
  • обеспечить проведение съемок на объектах Заказчика;
  • обеспечить профессиональную видеосъемку, монтаж, озвучку и графическое оформление материалов;
  • использовать понятную и доступную для работников форму подачи информации;
  • при необходимости внести корректировки по замечаниям Заказчика;
  • предоставить готовые видеоматериалы в формате, пригодном для дальнейшего использования при проведении инструктажей и обучения работников.

Перечень основных работ Исполнителя

Исполнитель должен выполнить следующие работы:

  • разработать концепцию и сценарии обучающих видеоматериалов;
  • согласовать сценарии с Заказчиком;
  • определить необходимые места проведения съемок и перечень демонстрируемых ситуаций;
  • провести видеосъемку на объектах ТОО «Sinooil»;
  • подготовить и провести постановочные и демонстрационные сцены, необходимые для раскрытия требований безопасности;
  • выполнить монтаж видеоматериалов;
  • обеспечить озвучивание и, при необходимости, добавить текстовые пояснения, графику, схемы, обозначения и предупреждающие надписи;
  • обеспечить соответствие содержания видеоматериалов требованиям Заказчика;
  • представить готовые видеоматериалы на согласование;
  • внести необходимые корректировки по результатам рассмотрения Заказчиком;
  • передать Заказчику окончательные версии видеоматериалов.

Результат выполнения работ

По результатам выполнения работ Исполнитель должен предоставить Заказчику:

  • готовые обучающие видеоматериалы по всем направлениям, указанным в настоящем техническом задании;
  • видеоматериалы в электронном формате, пригодном для просмотра и демонстрации;
  • сценарии разработанных видеоматериалов;
  • окончательные версии видеоматериалов после согласования с Заказчиком.

Требования к отчетности

По результатам выполнения работ Исполнитель предоставляет Заказчику:

  • акт выполненных работ;
  • готовые видеоматериалы;
  • сценарии видеоматериалов;
  • отчет о выполненных работах;
  • иные материалы, предусмотренные договором.

Место, порядок подачи заявок на участие в конкурсе и критерии оценки

Коммерческое предложение направляется в запечатанном конверте, печать компании должна быть проставлена на месте вскрытия конверта.

Конверт направляется по следующему адресу: г. Алматы, ул. Муратбаева, 147, на имя Заместителя директора Департамента HSE Бакытбек Р.Б. до 13 ноября 2026 года.

Коммерческое предложение должно содержать:

  • стоимость разработки полного комплекса обучающих видеоматериалов;
  • стоимость каждого видеоматериала отдельно;
  • возможность предоставления скидки;
  • срок выполнения работ;
  • условия оплаты;
  • сведения об опыте выполнения аналогичных работ;
  • квалификацию специалистов Исполнителя;
  • перечень оборудования, используемого при проведении съемок;
  • перечень услуг, входящих в стоимость коммерческого предложения;
  • количество съемочных дней;
  • порядок внесения корректировок;
  • разрешительные и регистрационные документы Исполнителя.

Также потенциальный поставщик предоставляет:

  • нотариально засвидетельствованную копию документа, предоставляющего право на осуществление предпринимательской деятельности без образования юридического лица, выданного соответствующим государственным органом (для ИП);
  • копии лицензий, аттестатов, допусков и иных документов, необходимых для выполнения тендерного задания (при наличии);
  • в случае, если закупаемые работы или услуги не лицензируются, копию выписки из устава юридического лица с перечнем видов деятельности, выполняемых потенциальным поставщиком, либо нотариально засвидетельствованную с переводом на государственный и/или русский языки легализованную выписку из торгового реестра (для нерезидентов Республики Казахстан);
  • справку о зарегистрированном юридическом лице, филиале или представительстве с https://egov.kz (дата выгрузки с сайта – на момент предоставления);
  • свидетельство о постановке на учет по НДС (при наличии);
  • устав;
  • документы, подтверждающие полномочия лица, подписывающего договор/контракт со стороны контрагента;
  • документы, подтверждающие опыт выполнения аналогичных работ.

Дополнительные условия

Содержание видеоматериалов, сценарии, места съемок и демонстрируемые ситуации подлежат обязательному согласованию с Заказчиком.

Все расходы, связанные с разработкой, съемкой, монтажом, озвучиванием и подготовкой готовых видеоматериалов, должны быть включены в стоимость коммерческого предложения.

Разработанные видеоматериалы должны быть понятными, наглядными и адаптированными для использования работниками Компании при проведении инструктажей и обучения.

Дополнительную информацию можно получить по телефону:

8 777 719 08 49 – Бакытбек Руслан.