2026-2027 жылға ЖҚБ-терді онлайн-қатысуды басқару қызметтерін көрсетушіні таңдау бойынша тендер өткізуге өтінім
«Sinooil» ЖШС Сізге өз құрметін білдіреді және амандық пен өркендеу тілейді!
Біз Sinooil ЖҚБ желісінің онлайн-қатысуын басқару қызметтерін 2026 жылға ұсынатын компанияны таңдау рәсімінің өткізілетінін хабарлауға қуаныштымыз. Осы рәсімге қатысу үшін коммерциялық ұсынысты төмендегі тәртіпке сәйкес ұсынуыңызды сұраймыз:
1. Коммерциялық ұсыныс, онда келесі мәліметтер көрсетілуі қажет:
• әлеуетті жеткізуші ұсынатын баға, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің соңғы құнына кіретін барлық нақты шығындар және ілеспе қызметтердің құны;
• ұсынылатын қызметтердің толық атауы және олардың құны (ҚҚС-пен бірге);
• Компанияңыз туралы сипаттама;
• коммерциялық ұсыныстың күні көрсетіліп, ұйым басшысының қолы қойылып және заңды тұлғаның мөрімен расталуы тиіс;
• коммерциялық ұсыныс «Sinooil» ЖШС Бас директоры Ли Бин мырзаның атына жолдануы тиіс.
2. Техникалық ұсыныс
Жеткізуші платформаның мүмкіндіктері туралы ақпаратты ұсынуы қажет, оның ішінде:
• филиалдардың карточкаларын карталар мен анықтамалық сервистерде басқару (Google Maps, 2GIS, Яндекс Карталары және т.б.);
• объектілер бойынша мәліметтерді орталықтандырылған түрде жаңарту;
• клиенттердің пікірлері мен бағаларын бақылау және өңдеу;
• аналитикалық құралдар мен есептілік;
• техникалық қолдаудың болуы;
• ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесі;
• филиал карточкаларында жарнамалық материалдарды, акциялар мен арнайы ұсыныстарды жариялау мүмкіндігін қамтитын маркетингтік құралдардың болуы;
• маркетингтік белсенділікті басқару мүмкіндігі (баннерлер, акциялар, брендтік контент, жарнамалық науқандар, жаңалықтар мен жаңартулар жариялау).
3. Тендерге қатысуға өтінім:
• қатысушының ақпараттық парағын толтыру қажет (№1 қосымшаға сәйкес, коммерциялық ұсыныспен және басқа құжаттармен бірге ұсынылады).
4. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары:
• Egov порталынан алынған заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті тіркеу туралы анықтама (құжаттарды тапсыру күніне жарамды болуы қажет);
• ҚҚС бойынша тіркеу туралы куәлік (бар болған жағдайда) – заңды тұлға мөрімен расталған көшірме;
• жарғы – заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірме;
• контрагент атынан шартқа/келісімшартқа қол қоюшы тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар:
– қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы немесе жалғыз қатысушының атқарушы органды тағайындау туралы шешімі;
– уәкілетті тұлғаның қызметке кірісуі туралы бұйрық;
– сенімхат (қажет болған жағдайда);
• соңғы екі толық жыл бойынша қаржылық есептілік:
– 1-нысан – бухгалтерлік баланс;
– 2-нысан – пайда мен залал туралы есеп;
– 3-нысан – ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Қаржылық есептілік заңды тұлғаның мөрімен расталуы тиіс.
Барлық құжаттарды 2026 жылғы 27 шілде күні сағат 14:00-ге дейін жабық әрі мөрленген конвертте «Онлайн-қатысуды басқару қызметтері» белгісімен, маркетинг бойынша жетекші маман Иманжан Ерназарға келесі мекенжай бойынша жолдауыңызды сұраймыз:
050012, Алматы қ., Мұратбаев көшесі, 147, Төле би көшесінің қиылысы.
Құжаттарды тапсыру бойынша қосымша талаптар:
• құжаттар түпнұсқа түрінде ұсынылуы тиіс;
• конверттің жапсырылған жеріне ұйымның мөрі басылуы қажет;
• конверт жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық топтамасын қамтуы тиіс.
Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
• курьерлік қызмет арқылы;
• жеке өзі тапсыру арқылы.
Ұқсас қызметтерді ұсынатын барлық әлеуетті жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстары қарастырылатынына назар аударуыңызды сұраймыз.
Таңдау қорытындысы бойынша жеткізушімен Sinooil компаниясының үлгілік шарты жасалады.
Коммерциялық ұсыныстар жиналғаннан кейін қажет болған жағдайда, алдағы ынтымақтастықтың барлық мәселелерін талқылау үшін екі тарап өкілдерінің қатысуымен комиссия құрамында келіссөздер өткізу уақыты белгіленеді.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конверттер ашылмайды және қараусыз үміткерлерге қайтарылады.
Байланыс тұлғасы:
Иманжан Ерназар
Маркетинг бойынша жетекші маман
Тел.: +7 707 262 6029
Мы рады объявить о проведении процедуры по выбору компании по предоставлению услуг управления online-присутствием сети АЗС Sinooil на 2026-2027 год. Для участия в данной процедуре просим Вас представить коммерческое предложение в следующем порядке:
Финансовая отчетность должна быть заверена печатью юридического лица.
Просим отправить все документы в закрытом и запечатанном конверте с пометкой «Услуги управления online-присутствием», для ведущего специалиста по маркетингу Иманжан Ерназар по адресу: г. Алматы, индекс 050012, ул. Муратбаева, 147, угол ул. Толе би, в срок до 14:00 20 июля 2026 года, с припиской «не вскрывать».
Дополнительные требования к подаче документов:
• документы предоставляются в оригинале;
• на конверте необходимо поставить печать организации в месте склейки;
• конверт должен содержать полный комплект документов, указанных выше.
Способы подачи документов:
• курьерской службой;
• лично.
Обратите внимание, что будут рассматриваться коммерческие предложения всех потенциальных поставщиков аналогичных услуг.
По итогам выбора с поставщиком заключается типовой договор компании Sinooil.
После сбора коммерческих предложений, при необходимости, будет назначено время переговоров в составе комиссии с участием представителей обеих сторон для обсуждения всех аспектов предстоящего сотрудничества.
Конверты с заявками на участие в конкурсе, полученные после окончания срока приема заявок, вскрываются и возвращаются претендентам без рассмотрения.
Контактное лицо:
Иманжан Ерназар
Ведущий специалист по маркетингу
Тел.: +7 707 262 6029